Алматы облысында 13 мыңнан астам түлек мектеп бітірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі республикада 5 жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық мектеп» деп танылды. Бұл туралы бүгін Соңғы қоңырау салтанатында аталмыш мектеп директоры Дәуірхан Пірмағамбетов айтты. Сонымен қатар ол биылғы жылы 38 оқушы ғылыми конкурстар мен түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары болғанын да атап өтті.