Еуразия Ұлттық университеті өзінің 20 жылдығын мерекелеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның үздік көпбейінді университеттерінің бірі - биыл 20 жылдығын мерекелеуде. Аталған жоғары оқу орны 1996 жылы 23 мамырда екі ЖОО-ны - Целиноград инженерлік-құрылыс институты (ЦИҚИ) мен Целиноград педагогикалық институтын біріктірудің негізінде құрылды, деп хабарлады astana.gov.kz.