Жамбылдық прокуратура «Балапан» бағдарламасы бойынша мақсатсыз жұмсалған 55 млн. теңгені анықтады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жергілікті атқару органдары мен мектепке дейінгі мекемелерде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуды қамтамасыз етуді жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуы бойынша тексеріс нәтижесі Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұловтың төрағалығымен өткен облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде мәлім болды.