ФУТБОЛ: Қазақстан Премьер-Лигасының 13-ші туры кездесулері өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Лигасының 13-ші туры кездесулері өтті. «Астана» қонақтар алаңында «Ақтөбеден» басым түссе, павлодарлық «Ертіс» те «Атыраудан» жеңісті жұлып алды десек те болады. Ал Алматының «Қайраты» Оралдың «Ақжайығын» әупірімдеп жүріп ұтып кетті.