АУА РАЙЫ: 1 маусымда елімізде жел күшейіп жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде үсік жүреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады.