Ертеңнен бастап елордада Қонаев және Ақмешіт көшелері уақытша жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-6 маусымда елордадағы Қонаев көшесінде (Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін) және Ақмешіт көшесінде (Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) жол жабынына қорғайтын зат төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толығымен жабылады.