KADEX көрмесіне қатысушыларға қазақстандық авиацияның мүмкіндіктері көрсетілді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары ұсынған авиашоу және Құрлық әскерлерінің әскери техникасының көрсетілімі барысында «KADEX-2016» көрмесінің ашық есік күні көрермендер армияның күш-қуаты мен ұшу өнерін, яғни, ең жоғары пилотаждың куәсі болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.