Талдықорған әкімі қаланың саябақтарында тәртіп орнатуды тапсырды (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев өзінің жұмыс күнін Тәуелсіздік көшесіндегі саябаққа барудан бастады. Өткен жылдың соңында тапсырылған саябақ Қаратал шағынауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.