БҚО әкімі Сырым ауданындағы жұмыс сапарында жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін тапсырды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңа жұмыс орындарын ашу - Елбасының тікелей тапсырмасы. Осы мәселені біз үнемі назарда ұстауымыз керек. Бұл туралы БҚО әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданында жұмыс сапарымен болған кезінде мәлім етті.