Астана-Павлодар автожолының құрылысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін аяқталмауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Павлодар автожолының құрылысын аяқтауға қосымша 20 млрд теңге қажет, сондықтан жол құрылысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін аяқталмауы мүмкін. Бүгін Парламент Сенатындағы «Өңір» депутаттық тобының отырысында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының автокөлік жолдарын салу бағытын талқылау барысында ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті.