Нұрсұлтан Назарбаев: Тұтас әлемнің дамуына серпіліс беру жолында ЕО мен ЕАЭО кеңістіктерін ұштастыру зор әлеуетке ие
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XX Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық мәжілісіне қатыса отырып, тұтас әлемнің дамуына серпіліс беру жолында Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық кеңістіктерін ұштастыру зор әлеуетке ие екендігін атап өтті.