Қарағанды облысының әкімі өңірдің үздік дәрігерлерін марапаттады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - С. Сейфуллин атындағы театрда Дәрігерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің дәстүрлі сыйлықтары табыс етілді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде.