ШҚО медициналық мекемелеріне «УАЗ» маркалы 100 автомобиль тарту етілді (ФОТО)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстанда өңір басшысы Даниал Ахметов медициналық мекемелердің бас дәрігерлеріне "УАЗ" маркалы 100 автомобильдің кілтін табыс етті.