АУА РАЙЫ: 18 маусымда еліміздің батысында аптап ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстігінің кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, тек, республиканың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.