Шымкентте жастар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бокстан қала әкімінің кубогы үшін жастар арасындағы республика чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түпкір-түпкірінен 180 спортшы қатысып, 11 салмақ санатында сайысқа түсті, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.