ҚР ОСК Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.