Елордада жас орындаушылар байқауы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 маусымда Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында елорданың талантты жастары музыкалық сайысқа түседі. Байқау домбыра, қыл қобыз, прима қобыз бен жетіген номинациялары бойынша өтеді, деп хабарлады қала әкімінің astana.gov.kz ресми сайты.