2017 жылы 150 елдің туризм министрі елордада бас қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік туристік ұйым «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 2017 жылдың маусым айының аяғына таман «Туризм және Болашақ энергиясы» атты бірлескен конференция өткізуді жоспарлап отыр. Форум Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүше 150-ден астам мемлекеттің туризм министрлерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.