«Астана халықаралық қаржы орталығы» өңірдің қаржы қақпасына айналуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда халықаралық қаржы орталығын құру - экономика өсімін қамтамасыз ететін басты бағыттардың бірі ретінде қарастырылады. Сарапшылар бұл ретте қаржы орталығының басымдығы ретінде Қазақстанның географиялық орналасу ерекшелігіне де назар аударады. Өйткені, мұндай заманауи қуатты қаржы институты Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық-қаржылық қарым-қатынастарды арттыруға жол ашатыны айтылады. Шындығында, қазіргі уақытта Еуразия кеңістігінде де, Орталық Азия өңірінде де әлемдік стандарттарға сай қызмет ететін қаржылық орталық жоқ. Ендеше, осы олқылықтың орнын толтырып, кеңістіктегі мүмкіндікті игеру үшін Қазақстан аса батыл қадамға барып отыр деген сөз.