Қызылордалық кәсіпкер мемлекеттік қолдау аясында өз клиникасын ашты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік емханада 30 жыл жұмыс жасаған Гүлсім Алашбаева өзінің жеке клиникасын ашты. Медициналық бизнестің қыр-сырын зерттеген Гүлсім жеке клиникасын ашуға кірісіп, бизнесін ұйымдастыруға жоспар құрды. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.