Бүгін - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрген еді.