Н. Назарбаев донор болуға тілек білдірген әскери қызметшілерге алғыс білдірді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жаңа Қан орталығына барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы күні донор ретінде қан тапсырған әскери қызметшілермен кездесті. Н. Назарбаев әскери қызметшілер қан тапсырғаннан кейін демалыс залында олпармен әңгімелесті.