Украина Президенті Қазақстан басшысына дағдарысты шешу ісіндегі арағайындық қызметін жалғастыра беру жөніндегі өтінішін жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Украина Президенті Мемлекет басшысын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.