5 шілде күні республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерде жел күшеюі сақталады. Тек республикамыздың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.