Шалғай елді мекендердің тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті тегін алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел аймақтарында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясы өтеді. Шара барысында шалғайдағы елді мекендерге құрамында терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар, онкологтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандары бар медициналық жұмылдыру топтарын жіберу ұйымдастырылады.