Елбасының АҚШ-қа сапары аясында ядролық қауіпсіздік мәселелерінде ҚР-дың әлемдік көшбасшы ретіндегі рөлі ресми бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының АҚШ-қа сапарының шешуші нәтижесі ядролық қауіпсіздік мәселелеріндегі Қазақстанның әлемдік көшбасшы ретіндегі рөлінің ресми бекітілуі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі Нұрлан Онжанов «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық келіссөздерінің көзге көрінбейтін қырлары» деген тақырыптағы мақаласында осылай деп жазады.