Тарихи құжат: Ақмолаға «Астана» атауын берген Жарлық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі жайлы ең алғашқы ресми тарихи-биографиялық зерттеу кітабында Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы, сондай-ақ, Ақмола қаласының атын Астана деп өзгерту туралы Жарлықтың түпнұсқаларының көшірмесі көрсетілген.