АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, кей жерлерде бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды және екпінді жел болады, республиканың шығысының жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде тұман болады. Тек Республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.