Павлодар облысының басшысы бюджетті толықтыру үшін қосымша көздер іздеуге шақырды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жергілікті бюджет бойынша болжанған көрсеткіштер 111,8%-ға орындалған. Мұны облыстық әкімдікте болған жиында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаев мәлім етті.