11 шілдеде еліміздің солтүстігі, шығысы, солтүстік-батысында жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілдеде Қазақстанның аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында және шығысында кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады және екпінді жел күтіледі, шығысында жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.