Семейдегі «Лексус» жүргізушісі итті құтқармақ болып, «Газельге» соғылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласында Лексус жүргізушісі кенеттен жолға шыққан итті айналып өтем деп, «Газельге» соғылды.
Итті көрген ер адам шұғыл сол жаққа бұрылған. Алайда, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Газель» автокөлігімен соғылған.