Тоқтар Әубәкіров Қазақстанның әскери ұшқыштарына шеберлік сыныбын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің 200-ден аса әскери қызметшісі отандық авиацияның аты аңызға айналған ғарышкері, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровпен кездесті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.