ҚР ІІМ басшысы Алматыда атыс жасаған лаңкестің бұл әрекетке не себепті барғанын мәлімдеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған қылмыскердің мақсаты олардан кек алу болған. Бұл туралы Алматыда өткен барифинг барысында ҚР Ішкі істер миинистрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.