Қызылорда облысында ауыл әкімі пара алып жатқан жерінен ұсталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын Сырдария ауданы Бесарық аумағының әкімі Қ. Смағұловты қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.