Мың түрлі дертке ем болған - музыкатерапия
АСТАНА. ҚазАқпарат - Музыкатерапевт - музыканы емдік мақсатта қолданудың психотерапевтік әдісі. Яғни, науқасқа музыка тыңдата отырып, оның ырғағына сай физикалық қимыл-қозғалысқа түсіру немесе психологиялық тұрғыда адамның жан сарайын жадырату. Қарапайым ғана түсіндірер болсақ, музыкалық терапияның қадір-қасиеті мен қызметі осындай.