ОҚО-ның Төлеби ауданында егін ору науқаны қызу жүріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы бидай өсіруге маманданған Төле би ауданында егін ору науқаны қызу жүруде. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Шаруалар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.