АУА РАЙЫ: 30 шілде күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Кей жерлерде тұман болады, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.