Бүкіләлемдік көшпелілер додасы Олимпиада ойындарының баламасы бола алады - М. Шәкиев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Бүкіләлемдік көшпелілер ойындары Олимпиада ойындарының баламасы бола алады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихаты барысында Бүкіләлемдік көшпелілер ойындарының төрағасы Мақсат Шәкиев мәлім етті.