Астанада білім саласының қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 тамызда елордада өтетін кезекті тоғызыншы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі білім саласына арналмақ. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер «Жастар» сарайында бас қосады, деп хабарлайды astana.kz.