Ош қаласындағы Назарбаев мектебі нақты ғылымға бейімделген бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ошта ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бөлген қаражатқа жаңа заманауи мектеп салынды. Ол нақты ғылымға бейімделген эксперименталдық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады.