Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбіде жауынды болып, найзағай ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні атмосфералық ағындардың өтуімен жауынды болып, найзағай ойнайды, республиканың орталығы мен оңтүстігінде ғана күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.