Brent маркалы мұнайдың баррелі 46,2 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың 2016 жылғы қазанға жеткізу фьючерстерінің құны Лондондағы ІСЕ биржасында 4,9 пайызға өсіп, барреліне 46,2 долларға жетті. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел. Brent мұнайын бағалау 22 шілдеден бері алғаш рет барреліне 46 доллар межесінен асты, деп хабарлады ТАСС.