ҚР АШМ жер заңнамасын жетілдіру жұмысын бұдан әрі жалғастыруы керек - Жер комиссиясы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия отырысында қабылданған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарды ҚР Парламентіне енгізу ұсынылды. Өз кезегінде, бұл Елбасы тапсырмасының заңды жалғасы екендігі айтылды.