Путин мен Ердоған Қытайда G20 саммитінің алаңында кездесуге уағдаласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Тайып Ердоған жұмада телефонмен әңгімелесу барысында қытайлық Ханчжоу қаласында 4-5 қыркүйекте Үлкен жиырмалық саммитінде кездесуге уағдаласты, деп хабарлады Anadolu түрік президенті әкімшілігінің дереккөзіне сілтеме жасап.