Қазақстан халықаралық беделін жаһандық ядролық қарусыздану мәселесі бойынша диалог құру мақсатында пайдалана алады - К.Милетич
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - ядролық қарусыз әлем құруда нақты іс-қимыл жасап отырған аз мемлекеттің бірі. Бұл оны барша халықаралық қауымдастыққа үлгі ретінде көрсетеді. Лондон университетінің шығыс және Африка елдері бойынша зерттеулер мектебінің халықаралық қатынастар және дипломатия орталығы директорының орынбасары Кевин Милетич осындай пікірін айтты.