Тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадам
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылуы әлемдік деңгейдегі оқиға болды. Себебі, 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбалары жер шарында толассыз ядролық қарулануға жол ашқан еді. Міне, осындай ядролық қарулану бәсекесі заманында дүниедегі ең ірі сынақ полигонының жабылуы және шешімді орталық емес, одақтас республиканың басшысының қабылдауы шынында да тарихи оқиға болды.