«Астана жастары» ресурстық орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жастар арасында жұмыссыздықты төмендету, жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Биыл «Астана жастары» ресурстық орталығы 2500 адамды қамтыған 8 шара өткізді.