Владимир Жұмақанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.