Қостанайда 94 отбасы жаңа үй кілтін алды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда 94 отбасы «Алтын Арман» жаңа шағын ауданының тұрғындары атанды, операторы «Бәйтерек» холдингінің Қазақстандық ипотекалық компаниясы болып табылатын «Нұрлы жол» әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер кілттерін кезекте тұрған бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, көп балалы отбасылар, оралмандар, педагогтар, медицина қызметкерлері алды.