Әліппе атауынан неге жерідік
Жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алуға көшті. Бұл бағдарлама негізінде бес күндік оқу аптасы да бар. Яғни, биылдан бастап бірінші сыныптар бес күн ғана білім алады. Жаңа бағдарламаның тағы бір жаңалығы - биыл мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер оқу жылын «Әліппемен» емес, «Сауат ашумен» бастады.